» » Информация Карагандинского областного филиала АО "ЕНПФ"

Информация Карагандинского областного филиала АО "ЕНПФ"

Дата: 29.11.2018
26.10.2018  2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелі
  2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының жеке зейнетақы
шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 623,6 млрд теңгені құрады. Еске сала кетелік, зейнетақы активтері бойынша
инвестициялық табыстың мөлшері қаржы нарығындағы ахуалға және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының бағасына тәуелді. 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелінің толыққанды құрылымы мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://www.enpf.kzhttp://www.enpf.kz/upload/medialibrary/85b/85b6dfd1f5290c0073eca57eee4846d6.pdf   ҚР Ұлттық Банкі ұзақ мерзімді келешекте табыстылықтың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында өзінің инвестициялық стратегиясында әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады. Инвестициялық портфель әр түрлі қаржы құралдарынан тұрады.   2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық
Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 8,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,4 трлн теңгеге артты. Бір жыл
ішіндегі өсім – 17,9 пайыз болды. Ал 2018 жылдың басынан бері өсім – 1,1 трлн теңгені немесе 14,4 пайызды құрады.
Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына» тиесілі. Олардың пайыздық үлесі – 46,83%.
Ағымдағы құны 2018 жылдың 9 айы ішінде 578,09 млрд теңгеге артып, 4 165,72 млрд теңгені құрады. Өсім – 16,1 пайыз болды. 
Екінші орында «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары». Олардың портфельдегі үлесі – 13,79%. Ал ағымдағы құны – 1 226, 36 млрд теңге.   Инвестициялаудың тағы бір бағыты – ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі – 7,99 пайызды, ал ағымдағы құны 710,82 млрд теңгені құрады.   Есептік күнге теңгеге номинирленген ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 9,9 пайызды, ал АҚШ долларына – жылдық 6,6 пайызды құрады.   ҚР екінші деңгейдегі банктері үшін жалпы сомасы 200
млрд теңгені құрайтын облигациялық бағдарлама аясында 2018 жылдың қыркүйегінде жалпы сомасы 29,37 млрд теңгеге ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары сатып алынды. Мұнда орташа өлшемді кірістілік жылына 12,00 пайызды құрайды. Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік ағымдағы жылдың 1 қазанына қарай жылына 6,9 пайызды, оның ішінде теңгеде номинирленген қаржы құралдары бойынша жылына 8,2 пайызды, ал шетелдік валютада жылына 3,9 пайызды құрады. 
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (69,06%), АҚШ долларында (30,52%) және Ресей рублінде (0,34%) номинирленген. 
 


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz