» » ҚАРАҒАНДЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ҚАРАҒАНДЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Дата: 20.05.2026
Қарағандыда жылыту маусымына дайындық бойынша жылу-электр станцияларында ауқымды жөндеу науқаны жалғасып жатыр. Сонымен қатар өңірдің энергетикалық жүйесін нығайтуға бағытталған 3-ЖЭО-ны кеңейту жобасын іске асыру жалғасуда.
«Караганда Энергоцентр» ЖШС «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіреді. 
Сапар барысында жөндеу науқанының барысы және Қарағанды 3-ЖЭО-ны  кеңейту жобасының іске асырылуы қаралды.

Келесі қыс маусымына дайындық басталды
Қарағандыда жылыту маусымы ресми түрде 24 сәуірде аяқталып, 202 тәулікке созылды. Осы кезең ішінде 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО халықты, әлеуметтік нысандарды, бизнес пен өнеркәсіпті жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етті. Жалпы өндірілген жылу энергиясының көлемі 2,82 млн Гкал құрады.
Маусым аяқталғаннан кейін станциялар жоспарлы жұмыс режиміне көшті: 3-ЖЭО электр энергиясын конденсациялық режимде өндіруді жалғастыруда, ал 1-ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылды.
Маусым аяқталғаннан кейін станцияларда бірден жөндеу науқаны басталды. Жұмыстар қазан айына дейін жалғасып, негізгі жабдықтың 26 бірлігін қамтиды.
2026 жылы бұл мақсатқа 27,6 млрд теңге бағытталған.
3-ЖЭО-да жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Негізгі жабдықты жоспарлы жөндеу электр энергиясын өндіруді тоқтатпай, кезең-кезеңімен, станцияның жүктемесін сақтай отырып жүргізіледі.
Қыркүйек айының соңына дейін 8 қазандық агрегаты мен 6 турбоагрегатта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде бір қазандық агрегаты мен екі турбоагрегаттың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қазіргі таңда станцияда № 4 қазандық агрегатына күрделі жөндеу, № 5 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу және № 1 турбоагрегатты жөндеуге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  № 4 қазандық агрегатын күрделі жөндеуге басты назар аударылған, онда жылу беру тораптарын кешенді жаңарту және газ тазалау жабдықтарын жаңғырту жүргізілуде. Бұл жабдық жұмысының сенімділігін және түтін газдарын тазартудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 1-ЖЭО-да жабдықтарды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған, бұл келесі жылыту маусымында станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
3-ЖЭО-ны кеңейту жобасы
Сапар барысында өңірдегі ірі энергетикалық жобалардың бірі — 3-ЖЭО-да жаңа энергоблок салу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Станцияны кеңейту туралы шешім жылу және электр энергиясына сұраныстың артуына және қосымша қуат резервін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты қабылданды.
Жоба аясында №9 қазан агрегаты мен №7 турбоагрегаты бар жаңа энергоблок салу қарастырылған. Нысанды іске қосу 2028 жылға жоспарланған.
Жоба аяқталғаннан кейін:
-электр қуаты 140 МВт-қа артады;
-жылу қуаты 180 Гкал/сағ-қа өседі;
-400-ден астам тұрғын үй мен әлеуметтік нысанды жылумен қамту мүмкіндігі пайда болады.
Қазіргі уақытта жоба белсенді іске асырылу кезеңінде. Инженерлік ізденістер аяқталып, алаң дайындалып, негізгі іргетастар құйылды. Станцияның бас корпусы кеңейтіліп, техникалық су жүйесі салынуда. Металлоконструкциялар жеткізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны 143 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру Еуразиялық даму банкінің қатысуымен және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
3-ЖЭО-ны кеңейту - «Қазақстан коммуналдық жүйелері» тобының ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламасының бір бөлігі. Бұл бағдарлама генерациялау қуаттарын жаңғыртуға және өңірлердегі энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.
 
 
На ТЭЦ Караганды продолжаются ремонты и расширение мощностей

В Караганде продолжается масштабная ремонтная кампания на тепло-электростанциях по подготовке к отопительному сезону. Параллельно продолжается реализация проекта по расширению ТЭЦ-3.

В рамках визита на Карагандинскую ТЭЦ-3 рассмотрен ход ремонтной кампании и реализация проекта по расширению ТЭЦ-3.

Отопительный сезон в Караганде официально завершился 24 апреля и продлился 202 суток. На протяжении всего периода ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 обеспечивали бесперебойную подачу тепловой и электрической энергии для населения, социальных объектов, бизнеса и промышленности. Общий объём выработки составил 2,82 млн Гкал тепловой энергии.

Сразу после завершения сезона на станциях стартовала ремонтная кампания. Она продлится до октября и охватит 26 единиц основного оборудования. В 2026 году на эти цели направлено 27,6 млрд тенге.

На ТЭЦ-3 продолжается подготовка к отопительному сезону. До конца сентября ремонты пройдут на 8 котлоагрегатах и 6 турбоагрегатах. Уже завершены текущие ремонты одного котлоагрегата и двух турбоагрегатов.

На ТЭЦ-1 также предусмотрены капитальные и текущие ремонты оборудования, что позволит обеспечить надёжную работу станции в следующем отопительном сезоне.

Отдельное внимание было уделено строительству нового энергоблока на ТЭЦ-3 — одному из ключевых энергетических проектов региона.
Проект предусматривает строительство нового энергоблока с котлоагрегатом №9 и турбоагрегатом №7. Его ввод запланирован на 2028 год.

В настоящее время проект находится в активной фазе реализации. Уже завершены инженерные изыскания, выполнена подготовка площадки и залиты основные фундаменты. Продолжается расширение главного корпуса станции и строительство системы технического водоснабжения.

Проект стоимостью 143 млрд тенге реализуется при участии Евразийского банка развития и поддержке акимата Карагандинской области.

Расширение ТЭЦ-3 является частью долгосрочной инвестиционной программы Группы компаний ККС, направленной на модернизацию генерирующих мощностей и повышение надёжности энергоснабжения в регионах.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz