» » ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ 3-ЖЭО-ДА НЕГІЗГІ ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ 3-ЖЭО-ДА НЕГІЗГІ ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Дата: 15.05.2026
3-ЖЭО-да негізгі жабдықтарды жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Келесі жылыту маусымына дайындық сәуір айында басталды және де электр энергиясын өндіру тоқтаусыз жүргізіліп жатыр: станцияның жүктемесін сақтай отырып, жабдық кезең-кезеңімен жөндеуге шығарылады.
8 қазандық агрегаты мен 6 турбоагрегатта жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жүргізіледі. Қазірдің өзінде бір қазандық агрегаты мен екі турбоагрегаттың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

 Қазір станцияда:
-  № 4 қазандық агрегатын күрделі жөндеу жұмыстары және № 5 қазандық агрегатын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр;
-  № 1 турбоагрегатты жөндеуге шығару бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Күрделі жөндеу жабдықтың ресурсын қалпына келтіруге мүмкіндік береді, ал ағымдағы жөндеу жұмыстары күрделі жөндеу арасында оның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қазір № 4 қазандық агрегатын күрделі жөндеуге басты назар аударылған. Жұмыс кезінде экрандар панелі, радиациялық бу қыздырғыш, екі сатылы су экономайзері және ауа жылытқыштардың кубтары сияқты жабдықтың негізгі элементтері ауыстырылады. Негізінен, қазандық агрегатының негізгі жылу беруші тораптарын кешенді жаңарту орындалып жатыр. Бұл жылыту маусымында орын алатын жоғары жүктеме кезеңінде жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Жұмыстың жеке бағыты – газ тазалау жабдықтарын жаңғырту. Станцияда эмульгаторлардың жаңа буынына кезең-кезеңмен көшу жалғасуда: екінші буын жабдықтары үшінші буын жабдықтарымын ауыстырылады. Бұл жұмыс № 4 қазандық агрегатын қоса алғанда, қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу кезінде ұзақ мерзімді бағдарлама аясында орындалады.
Жоба түтін газдарын тазарту тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.




На ТЭЦ-3 продолжаются плановые ремонты основного оборудования. Подготовка к следующему отопительному сезону стартовала в апреле и ведётся без остановки выработки электроэнергии: оборудование выводится в ремонт поэтапно, при сохранении нагрузки станции.
До конца сентября ремонты пройдут на 8 котлоагрегатах и 6 турбоагрегатах. Уже завершены текущие ремонты одного котлоагрегата и двух турбоагрегатов.

Сейчас на станции:
–  выполняется капитальный ремонт котлоагрегата №4 и текущий ремонт котлоагрегата №5;
–  ведутся подготовительные работы по выводу в ремонт турбоагрегата №1.
Капитальный ремонт позволяет восстановить ресурс оборудования, текущий — обеспечивает его надёжную работу между капитальными ремонтами.
Основное внимание сейчас сосредоточено на капитальном ремонте котлоагрегата №4. В рамках работ заменяются ключевые элементы оборудования: панели экранов, радиационный пароперегреватель, водяной экономайзер двух ступеней и кубы воздухоподогревателей. По сути, выполняется комплексное обновление основных теплопередающих узлов котлоагрегата. Это необходимо для обеспечения стабильной работы оборудования в период повышенных нагрузок отопительного сезона.
Отдельное направление работ — модернизация газоочистного оборудования. На станции продолжается поэтапный переход на эмульгаторы нового поколения: оборудование второго поколения заменяется на третье. Работы выполняются в рамках долгосрочной программы во время капитальных ремонтов котлоагрегатов, включая котлоагрегат №4.  Реализация проекта позволит повысить эффективность очистки дымовых газов и снизить воздействие на окружающую среду.




Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz