» » ҚАРАҒАНДЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТҰРАҚТЫ ӨТТІ

ҚАРАҒАНДЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТҰРАҚТЫ ӨТТІ

Дата: 23.04.2026
Қарағандыда жылыту маусымы тұрақты өтіп, 1 сәуірден бастап жылу электр станцияларында жөндеу науқаны басталды. Сонымен қатар ЖЭО-3-ті кеңейтуге бағытталған ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл қаладағы жылу мен электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-3-ке барып, энергетиктердің жұмысына алғыс білдірді, жөндеу жоспарларымен танысып, жаңа энергоблок құрылысының барысын тексерді.
Жөндеу жұмыстары қазан айына дейін жалғасып, екі станцияда негізгі 26 бірлік жабдықты қамтиды.
ЖЭО-3-те жұмыстар электр энергиясын өндіруді тоқтатпай жүргізілуде. Қазіргі таңда бір қазандық пен бір турбина дайын.
Қазір №4 қазандық агрегатын жаңарту басталды. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры Флюр Гариповтың айтуынша, бұл — ең ауқымды жұмыстардың бірі, ол шамамен төрт айға созылады.
ЖЭО-1-де де жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
ЖЭО-3-тегі жаңа энергоблоктың құрылысы — өңірдегі негізгі энергетикалық жобалардың бірі.
Флюр Гариповтың айтуынша, жаңа қазандық агрегаты заманауи талаптарға толық жауап береді және экологиялық көрсеткіштері бойынша Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де теңд
 

В Караганде отопительный сезон прошёл стабильно, и уже с 1 апреля на теплоэлектростанциях началась ремонтная кампания. Параллельно реализуется крупный проект по расширению ТЭЦ-3, который позволит увеличить мощности и обеспечить растущие потребности города в тепле и электроэнергии.
Аким области Ермаганбет Булекпаев посетил ТЭЦ-3.
Ремонт продлится до октября и на двух станциях охватит 26 единиц основного оборудования.
На ТЭЦ-3 работы ведутся без остановки выработки электроэнергии. Уже готовы один котёл и одна турбина.
Приступили к обновлению котлоагрегата №4. По словам генерального директора ТОО «Караганда Энергоцентр» Флюра Гарипова, это наиболее масштабная работа, которая займёт почти 4 месяца.
На ТЭЦ-1 также предусмотрены капитальные и текущие ремонты оборудования.
Строительство нового энергоблока на ТЭЦ-3 — один из ключевых энергетических проектов региона.
Как отметил Флюр Гарипов, новый котлоагрегат станет одним из самых современных — по экологическим параметрам ему нет аналогов не только в Казахстане, но и в странах СНГ.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz