» » «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДЕ КАЙДЗЕН ЖҮЙЕСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

«КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДЕ КАЙДЗЕН ЖҮЙЕСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Дата: 13.04.2026
«Караганда Энергоцентр» ЖШС-де Кайдзен жүйесі дамып келеді


10 сәуірде Кайдзен командасымен кездесу өтті. Қолданыстағы 5С бағдарламасына талдау жасалып, 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да өткізілген іс-шаралар қаралды.
1-ЖЭО және 3-ЖЭО-да Кайдзен тұрақты жақсарту жүйесі 2021 жылдан бастап жұмыс істейді және станцияның негізгі процестерін қамтып, күнделікті жұмыстың бір бөлігіне айналды. Жұмыс орындарын ұйымдастырудан бастап өндіріс тиімділігін арттыруға дейін біртіндеп бірыңғай тәсіл қалыптасып келеді.
5S стандарты енгізіліп жатыр: өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар ретке келтіріліп, санитариялық аймақтар мен демалыс бөлмелері жөнделеді. Бұл персоналдың жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Ұсыныстар беру жүйесі жұмыс істейді, оған түрлі бөлімшелердің қызметкерлері тартылған. Идеялар жұмыс жағдайларына, өндірістік және ұйымдастырушылық процестерге қатысты. Іске асырылған ұсыныстар практикалық нәтиже береді. Бағдарлама басталғаннан бері 800-ден астам ұсыныс берілді, олардың 90% іске асырылды.
Еңбектi қорғау және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi цифрлық шешiмдердi қоса алғанда, өндiрiстiк процестердi жедел бақылау құралдары енгiзiліп жатыр.




В ТОО «Караганда Энергоцентр» развивается система Кайдзен


10 апреля прошла встреча с Кайдзен-командой. Состоялся анализ действующей программы 5С, рассмотрели проведенные мероприятиях на ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3. 
На ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 система постоянных улучшений Кайдзен работает с 2021 года и уже стала частью ежедневной работы и охватывает ключевые процессы станции. Постепенно формируется единый подход — от организации рабочих мест до повышения эффективности производства.
Продолжается внедрение стандарта 5S: приводятся в порядок производственные и бытовые помещения, ремонтируются санитарные зоны и комнаты отдыха. Это напрямую влияет на комфорт и безопасность персонала.
Работает система подачи предложений, в которую вовлечены сотрудники разных подразделений. Идеи касаются условий труда, производственных и организационных процессов. Реализованные предложения дают практический эффект. За период действия программы подано свыше 800 предложений, 90% которых – реализованы. 
Внедряются инструменты оперативного контроля производственных процессов, включая цифровые решения по охране труда и промышленной безопасности.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz