1-ЖЭО МЕН 3-ЖЭО-ДА ЖАЛПЫ СТАНЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТУДЕ
Дата: 11.04.2026«Караганда Энергоцентр» ЖШС 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да аварияға қарсы және өртке қарсы жоспарлы жалпы станциялық жаттығулар өтуде.
Биыл олар бірден екі станцияда төрт күн бойы өтеді. Әрбір ЖЭО-да жабдықтың тұтануынан бастап, технологиялық бұзылу және персоналдың шартты жарақаттарына дейін болуы мүмкін штаттан тыс жағдайлар сценарийлерінің кешені пысықталады.
Сценарий бойынша станция жұмысының нақты жағдайына барынша жақын жағдайлар бейнеленді:
мазут шаруашылығындағы және отын беру жабдығындағы өрт, автотрансформаторлардың жануы, құбырлардың және қосалқы жүйелердің жұмысындағы бұзушылықтар, сондай-ақ зардап шеккендер болған кездегі әрекеттер.
Іс-қимылдар қолданыстағы жабдықта және нақты уақытта жүргізіледі. «Шартты авария» анықталған сәттен бастап персонал қатаң түрде алгоритм бойынша әрекет етеді: ақпарат беру, оқшаулау, өрт сөндіру құрамаларын қосу, алғашқы көмек көрсету, жағдайдың дамуын болдырмау және жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру.
Жаттығуларға станциялардың барлық негізгі қызметтері - жедел персонал, өртке қарсы құралымдар мен медициналық қызметтер тартылған.
Қатысушылардың жалпы саны 622 адамды құрайды.
Басты міндет – жекелеген әрекеттерді пысықтау ғана емес, алғашқы минуттан бастап шартты аварияны толық жойғанға дейін барлық буындардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету.
Дәл осындай жаттығуларда нақты жағдайда шешуші болатын әрекеттер қалыптасады:
реакция жылдамдығы, әрекеттер дәлдігі және қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл.
Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу – ЖЭО сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және қаланы тұрақты түрде энергиямен жабдықтауға бағытталған жүйелі жұмыс.
На ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 ТОО «Караганда Энергоцентр» проходят плановые общестанционные противоаварийные и противопожарные тренировки. В этом году они синхронизированы сразу на двух станциях и проводятся в течение четырёх дней.
На каждой ТЭЦ отрабатывается комплекс сценариев возможных нештатных ситуаций — от возгораний оборудования до технологических нарушений и условных травм персонала.
По сценариям моделируются ситуации, максимально приближенные к реальным условиям работы станции: пожары в мазутном хозяйстве и на оборудовании топливоподачи, возгорания автотрансформаторов, нарушения в работе трубопроводов и вспомогательных систем, а также действия при наличии пострадавших.
Отработка проходит на действующем работающем оборудовании и в реальном времени. С момента обнаружения «условной аварии» персонал действует строго по алгоритму: передача информации, локализация, подключение пожарных формирований, оказание первой помощи, предотвращение развития ситуации и восстановление работоспособности оборудования.
В тренировках задействованы все ключевые службы станций — оперативный персонал, противопожарные формирования и медицинские службы. Общее количество участников составило 622 человека.
Главная задача — не просто отработать отдельные действия, а обеспечить слаженную работу всех звеньев: от первых минут до полной ликвидации условной аварии. Именно в таких тренировках формируется то, что в реальной ситуации становится решающим: скорость реакции, точность действий и взаимодействие между службами.
Проведение подобных учений — это системная работа, направленная на обеспечение надежной и устойчивой работы станций.