» » ҚАРАҒАНДЫ 3-ЖЭО-ДА ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ 3-ЖЭО-ДА ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Дата: Сегодня, 11:14
Қарағанды 3-ЖЭО-да жоспарлы жөндеу науқаны басталды
Станция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр: қала үшін жылу мен электр энергиясы шектеусіз өндіріледі. Сонымен қатар, мамандар кесте бойынша жеке жабдықтарды кезең-кезеңмен жөндеуге шығарады.
1 сәуірден бастап № 3 қазандық агрегаты мен № 2 турбоагрегатта жұмыстар басталды. Қазандықта негізгі элементтерді қалпына келтіру және оның тұрақты жұмысын қолдау бойынша жұмыстар орындалады. Мамандар газ-ауа жолының учаскелерін ретке келтіреді, құбыржолдардың тозған элементтерін ауыстырады, жылу оқшаулаудың жай-күйін тексереді. Бұл жоғары жүктемелер кезінде жану процестерінің тұрақтылығын және қазандықтың сенімді жұмысын сақтауға мүмкіндік береді.
Турбинада су мен буды циркуляциялау және салқындату жүйелеріне қызмет көрсету жүргізіліп жатыр. Жылу алмасу жабдығы, сорғы топтары мен арматура нормативтік жағдайға келтіріледі. Бұл жұмыс турбоагрегаттың маусым бойы дұрыс және ауытқусыз жұмыс істеуі үшін маңызды.
Жалпы жөндеу бағдарламасы 180 күнге созылады. Осы уақыт ішінде Қарағанды 3-ЖЭО мен 1-ЖЭО-да 26 бірлік негізгі жабдық жаңартылып, жөнделеді.
Сонымен қатар, станцияның экологиялық жабдықтарын кезең-кезеңмен жаңғырту жалғасады. Қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу барысында шығарындыларды тазарту тиімділігі жоғары, газ тазарту жүйелері анағұрлым заманауи, үшінші буынға жататын жабдықтармен  ауыстырылады.
Бұл жұмыс бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді және станцияның жалпы жөндеу цикліне енгізілген. Бұл тәсіл қосымша тоқтаусыз және энергиямен жабдықтаудың сенімділігіне қауіп төндірмей, жабдықты бір мезгілде жаңартуға және ЖЭО жұмысының экологиялық сипаттамаларын арттыруға мүмкіндік береді.



На Карагандинской ТЭЦ-3 началась плановая ремонтная кампания
Станция продолжает работать в штатном режиме: тепло для города и электрическая энергия вырабатываются без ограничений. Параллельно специалисты поэтапно выводят отдельное оборудование в ремонт по графику.
С 1 апреля начались работы на котлоагрегате №3 и турбоагрегате №2. На котле выполняются работы по восстановлению ключевых элементов и поддержанию его стабильной работы. Специалисты приводят в порядок участки газовоздушного тракта, заменяют изношенные элементы трубопроводов, проверяют состояние теплоизоляции. Это позволяет сохранить устойчивость процессов горения и надёжную работу котла в период повышенных нагрузок.
На турбине проводится обслуживание систем циркуляции и охлаждения воды и пара. В нормативное состояние приведут теплообменное оборудование, насосные группы и арматуру. Эти работы важны для того, чтобы турбоагрегат работал ровно и без отклонений в течение всего сезона.
Общая ремонтная программа продлится 180 дней. За это время на Карагандинской ТЭЦ-3 и ТЭЦ-1 будет обновлено и отремонтировано 26 единиц основного оборудования. 
Параллельно продолжится поэтапная модернизация экологического оборудования станции. В ходе капитальных ремонтов котлоагрегатов проводится замена газоочистных систем на более современные — третьего поколения, с повышенной эффективностью очистки выбросов.
Эта работа ведётся последовательно уже несколько лет и встроена в общий ремонтный цикл станции. Такой подход позволяет одновременно обновлять оборудование и повышать экологические характеристики работы ТЭЦ без дополнительных остановок и рисков для надежности энергоснабжения.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz