» » МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Дата: 25.02.2026
Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жылыту маусымының өтуіне және жөндеу науқанына дайындық жағдайына көшпелі мониторинг жүргізді.
Жылу көздеріндегі температуралық режимдер сақталады, отын қоры нормативке сәйкес келеді.
Кәсіпорында 2026-2027 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық басталды. Жөндеу науқаны сәуір айында басталып, қазанға дейін жалғасады. Қазандықтар мен турбиналарды күрделі және ағымдағы жөндеуді қоса алғанда, негізгі жабдықты жаңарту жоспарланып отыр. Жалпы алғанда 26 жабдық жөнделеді.
3-ЖЭО-да 2 қазандық пен 1 турбинаға күрделі жөндеу, 1 қазандық пен 1 турбинаға кеңейтілген-ағымдағы жөндеу, сондай-ақ 5 қазандық пен 4 турбинаға ағымдағы жөндеу жүргізу көзделген.
1-ЖЭО-да 3 күрделі жөндеу (2 қазандық және 1 турбина) және 6 қазандық пен 3 турбинаны ағымдағы жөндеу қарастырылған.
Бағдарламаны іске асыруға 2026 жылы «Караганда Энергоцентр» ЖШС 27,6 млрд теңге бағыттайды.
Материалдар мен қосалқы бөлшектерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету осы кезеңдегі негізгі міндет болып табылады. Жөндеуді қамтамасыз ету үшін сатып алу рәсімдері 2025 жылғы желтоқсанда басталды, себебі қосалқы бөлшектерді өндіру мерзімі жарты жылдан асуы мүмкін, мұны логистиканы жоспарлауда ескеру маңызды.


Департаментом Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства энергетики по Карагандинской области проведён выездной мониторинг прохождения отопительного сезона и подготовки к ремонтной кампании.
Температурные режимы на теплоисточниках соблюдаются, запас топлива соответствует нормативу.
На предприятии уже начата пподготовка к отопительному сезону 2026–2027 годов уже начата. Ремонтная кампания стартует в апреле и продлится до октября. Планируется обновление основного оборудования, включая капитальные и текущие ремонты котлов и турбин. В общей сложности будет отремонтировано 26 единиц оборудования. 
На ТЭЦ-3 предусмотрены капитальные ремонты 2 котлов и 1 турбины, расширенно-текущие ремонты 1 котла и 1 турбины, а также текущие ремонты 5 котлов и 4 турбин. 
На ТЭЦ-1 — 3 капитальных ремонта (2 котла и 1 турбина) и текущие ремонты 6 котлов и 3 турбин. 
На реализацию программы в 2026 году ТОО «Караганда Энергоцентр» направит 27,6 млрд тенге.
Ключевая задача на данный период — обеспечить своевременную поставку материалов и запчастей. Закупочные процедуры для обеспечения ремонтов начались в декабре прошлого года, поскольку сроки производства запасных частей могут превышать полгода, что важно учитывать в планировании логистики.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz