» » БАҚЫЛАУ, ШЕШІМ, ЖАУАПКЕРШІЛІК

БАҚЫЛАУ, ШЕШІМ, ЖАУАПКЕРШІЛІК

Дата: Вчера, 17:10
Дмитрий Абдулов 2011 жылдан бері 1-ЖЭО-да жұмыс істейді. Білімі бойынша ол жылу энергетигі: орта арнайы және жоғары бейінді білім алып, саналы түрде осы саланы таңдаған. Энергетика ол үшін жай ғана сала емес - станцияда анасы жұмыс істейді, бұрын мұнда әжесі мен басқа да туыстары жұмыс істеген. «Осы жұмыс туралы әңгімелерді тыңдан өскен едім», - дейді Дмитрий.

Кәсіби жолы кәсіпорында өтті: электр жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі болып жұмысын бастады, содан кейін аға электромонтер болды, ал 2022 жылы электр цехының ауысым бастығы болып тағайындалды. Әрбір кезең - бұл жабдықтарды, схемалар мен технологиялық процестерді біртіндеп игеру сатысы.
Бүгін оның ауысымы – 12 сағат үздіксіз бақылау. Дмитрий электр жабдықтарының, ОРУ-35 кВ жабдығының жұмысына жауап береді, генераторларды іске қосуды және бақылауды жүзеге асырады. Ол жабдықты жедел түрде қайта қосады, электр схемаларын жинауды және тексеруді ұйымдастырады, кезекші және жөндеу персоналымен өзара іс-қимыл жасайды. Қажет болған жағдайда станцияның қауіпсіз және авариясыз жұмысын қамтамасыз ете отырып, жабдықты жөндеуге немесе резервке шығару туралы шешім қабылдайды. Авариялық жағдайларда оларды жоюға қатысады, электр жабдығының жұмыс режимін қалпына келтіреді және электр цехының бағынысты персоналын басқарады.

Дмитрий аға әріптестерінің тәлімгерлігі мен тәжірибесінің маңыздылығын ерекше айтады, кәсіби әдебиетті үнемі оқиды, дағдысын жетілдіреді. "Жұмысым өзіме ұнайды. Басқа жұмыста істеген жоқпын", - дейді ол. Айтқан сөзінде  өз жолын саналы түрде таңдаған және жауапкершілікті түсінетін маманның өз-өзіне деген сенімі жатыр. 




Дмитрий Абдулов работает на ТЭЦ-1 с 2011 года. По образованию он теплоэнергетик: получил среднее специальное и высшее профильное образование и осознанно выбрал отрасль. Энергетика для него не случайна — на станции работает мама, раньше здесь трудилась бабушка и другие родственники.
 
«Я вырос в этих разговорах», — говорит Дмитрий.
 
Профессиональный путь прошёл внутри предприятия: начинал электрослесарем по ремонту электрооборудования, затем стал старшим электромонтёром, а в 2022 году был назначен начальником смены электроцеха. Каждый этап — это постепенное освоение оборудования, схем и технологических процессов. Сегодня его смена — 12 часов непрерывного контроля. Дмитрий отвечает за работу электрического оборудования, оборудования ОРУ-35 кВ, осуществляет пуск и контроль генераторов. Он выполняет оперативные переключения, организует сборку и проверку электросхем, взаимодействует с дежурным и ремонтным персоналом. При необходимости принимает решения о выводе оборудования в ремонт или резерв, обеспечивая безопасную и безаварийную работу станции. В случае аварийных ситуаций участвует в их ликвидации, восстанавливает режим работы электрооборудования и руководит подчинённым персоналом электроцеха.
 
Дмитрий подчёркивает важность наставничества и опыта старших коллег, постоянно изучает профессиональную литературу, совершенствует навыки. О своей работе говорит просто: «Работа нравится. На другой я и не работал». В этой фразе — спокойная уверенность человека, который осознанно выбрал свой путь и понимает меру ответственности. 


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz