АСПАПТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Дата: Сегодня, 14:341-ЖЭО-да Марина Споденейко 22 жылдан бері аспаптар мен автоматикаға қызмет көрсету жөніндегі кезекші электр слесарі болып жұмыс істейді. Әрбір ауысымда ол станцияның негізгі учаскелерінің бірі – бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жүйесіне жауап береді. Ол 22 жылыту маусымын өткізді.
Маринаның негізгі жұмыс орны – басқару қалқаны. Дәл осы жерде барлық жедел ақпарат жиналған: аспаптардың көрсеткіштері, датчиктердің сигналдары, жабдықтардың жұмысы туралы деректер. Жұмыс технологиялық процесті тұтастай көруді және кез келген жағдайда тез бағдарлауды талап етеді. Марина аспаптардың дұрыс жұмысын бақылайды, ақауларды жояды, ал қажет болған жағдайда жөндеу персоналын жедел шақырады.
Электр цехы мен ЖАӨ қызметі жабдықтардың ауқымды паркіне қызмет көрсетеді: қысым, температура және шығыс аспаптары, манометрлер, датчиктер мен түрлендіргіштер, ысырмалар мен сорғы қондырғылары. Әрбір құрал физикалық параметрлерді электр сигналына айналдырып, оны басқару қалқанына жіберетін датчикке қосылған. Бүкіл станцияның сенімді жұмыс істеуі және қауіпсіздігі осы деректердің дәлдігіне тікелей байланысты.
Марина энергетика саласына бірден келген жоқ. Бірінші білімі бойынша ол бастауыш сынып мұғалімі. Электр слесарь мамандығын жұмыс барысында меңгеріп, сонымен бірге техникалық білім алды. Мамандықты ауыстыру оңай болмады, бірақ сол тәжірибе кәсіпке деген қызығушылықты қалыптастырды. Бұл салада «бәрін үйрену» мүмкін емес: жабдықтар мен технологиялар үнемі өзгеріп отырады, демек үнемі үйрену керек.
Жылыту маусымында тұрғындардың үйлеріндегі тұрақты жылудың болуы ЖЭО-ның күнделікті, тексерілген жұмысының нәтижесі. Бұл жауапкершілік жинақылықты, дәлдікті және үйлесімді командалық жұмысты талап етеді. Марина Споденейконың айтуынша, 22 жылыту маусымында 1-ЖЭО-да күрделі ауысымдарда бірнеше рет жұмыс істеуге тура келді, ол кезде әрбір қызметкердің келісілген әрекеттері бүкіл станцияның тұрақты жұмысын анықтады.
На ТЭЦ-1 Марина Споденейко работает уже 22 года дежурным электрослесарем по обслуживанию приборов и автоматики. Каждую смену она отвечает за один из ключевых участков станции — систему контрольно-измерительных приборов и автоматики. За её плечами — 22 отопительных сезона.
Основное рабочее место Марины — щит управления. Именно здесь сосредоточена вся оперативная информация: показания приборов, сигналы датчиков, данные о работе оборудования. Работа требует видеть технологический процесс в целом и быстро ориентироваться в любой ситуации. Марина контролирует корректную работу приборов, устраняет неполадки, а при необходимости оперативно подключает ремонтный персонал.
Электрический цех и служба ТАИ обслуживают обширный парк оборудования: приборы давления,
температуры и расхода, манометры, датчики и преобразователи, задвижки и насосные установки. Каждый прибор связан с датчиком, который преобразует физические параметры в электрический сигнал и передаёт его на щит управления. От точности этих данных напрямую зависят надёжность и безопасность работы всей станции.
В энергетику Марина пришла не сразу. По первому образованию она — учитель начальных классов. Профессию электрослесаря освоила уже в процессе работы, параллельно получая техническое образование. Переход оказался непростым, но именно практика сформировала устойчивый интерес к профессии. В этой работе невозможно «выучить всё»: оборудование и технологии постоянно меняются, а значит, важно учиться постоянно.
Стабильное тепло в домах горожан в отопительный сезон — результат ежедневной, выверенной работы ТЭЦ. Эта ответственность требует предельной собранности, точности и слаженной командной работы. Как отмечает Марина Споденейко, за 22 отопительных сезона на ТЭЦ-1 ей не раз приходилось работать в сложных сменах, когда согласованные действия каждого сотрудника определяли устойчивую работу всей станции.