ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ
Дата: 20.06.202519 маусымда ҚР Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы М.Б. Иманбаев алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылау мақсатында «Караганда Энергоцентр» ЖШС ЖЭО-3-ке барды.
Қарағанды ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 Қарағанды қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың негізгі көзі және өңірлік энергия жүйесінің маңызды объектілері болып табылады. Кездесу барысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар кешені ұсынылды.
ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы екі станцияда жөндеу кезеңінде негізгі жабдықтың 26 бірлігі толық жөнделеді. Қазіргі уақытта:
▪ ️ ЖЭО-1-де екі қазандық агрегатына күрделі жөндеу, екі турбинаға және бір қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жүргізіледі;
▪ ️ ЖЭО-3-те 8 қазандық пен 6 турбинадан 3 қазандық пен 2 турбина күрделі жөндеуге жатады. Екі қазандық пен екі турбинаның ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. № 1 қазандық агрегаты мен № 6 турбоагрегатқа күрделі жөндеу, № 4 турбоагрегатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Караганда Энергоцентр» ЖШС басшылығы бағдарламаны жүзеге асыруға 23,8 млрд теңге бағытталғанын хабарлады. Қаражат техникалық қайта жарақтандыруға, жабдықтардың тозуын азайтуға, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға және қуаты бойынша бар шектеулерді алып тастауға пайдаланылады.
Инспекция барысында компанияның инвестициялық жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды:
▪ ️ үшінші жылу құбырын салу шеңберінде құбыржолдарды реконструкциялау. Екі кезең толығымен аяқталды. Қазір станцияішілік жылыту жабдықтарын орнатумен байланысты станцияда үшінші кезең іске асырылып жатыр.
▪ ️ ЖЭО-3-ті кеңейту жобасы бойынша – станцияның электр қуатын 120 МВт-қа, ал жылу қуатын 180 Гкал/сағатқа арттыратын жаңа энергоблокты орнату. Қазіргі уақытта жобаның инженерлік құрамы келді, мердігерлік ұйымдарды жұмылдыру жүріп жатыр, кіреберіс инфрақұрылым мен құрылыс алаңын дайындау басталды.
19 июня ТЭЦ-3 ТОО «Караганда Энергоцентр» посетил региональный инспектор аппарата Правительства РК Иманбаев М.Б. с целью контроля за подготовкой к предстоящему отопительному сезону.
Карагандинские ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 являются основными источниками централизованного теплоснабжения города Караганды и важнейшими объектами региональной энергосистемы. В рамках встречи был представлен комплекс мероприятий по подготовке к отопительному сезону 2025-2026 годов.
Ремонтные работы ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 ведутся в соответствии с утверждёнными графиками. В общей сложности на двух станциях за ремонтный период будет полностью отремонтировано 26 единиц основного оборудования. На текущий момент:
▪️ на ТЭЦ-1 проводятся капитальные ремонты двух котлоагрегатов, текущие ремонты двух турбин и одного котлоагрегата;
▪️ на ТЭЦ-3 из 8 котлов и 6 турбин капитальному ремонту подлежат 3 котла и 2 турбины. Уже завершены текущие ремонты двух котлов и двух турбин. Ведутся капитальные ремонты котлоагрегата №1 и турбоагрегата №6, текущий ремонт турбоагрегата № 4.
Руководство ТОО «Караганда Энергоцентр» проинформировало, что на реализацию программы направлено 23,8 млрд тенге. Средства используются на техническое перевооружение, снижение износа оборудования, улучшение экологических показателей и снятие имеющихся ограничений по мощности.
Отдельное внимание в ходе инспекции было уделено реализации инвестиционных проектов компании:
▪️ реконструкции трубопроводов в рамках строительства третьего тепловывода. Два этапа полностью завершены. Сейчас на станции реализуется третий этап, связанный с установкой внутристанционного теплофикационного оборудования.
▪️ проекту расширения ТЭЦ-3 — с установкой нового энергоблока, который увеличит электрическую мощность станции на 120 МВт, а тепловую — на 180 Гкал/ч. В настоящее время прибыл инженерный состав проекта, происходит мобилизация подрядных организаций, началась подготовка подъездной инфраструктуры и строительной площадки.