КОМПАНИЯНЫҢ ТҰЛҒАЛАРЫ - ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ АЛЕКСАНДРА КИРШЕНМАН
Дата: 4.07.2025Александра Киршенман – Қарағанды ЖЭО-3 өндірістік-техникалық бөлімінің есептеу жөніндегі инженері. Формулалар, кестелер және техникалық процесстер – ол күн сайын есеп жасайды, бұл оның жұмыс күнінің әдеттегі бөлігі. Егжей-тегжейлерге назар аудару, аналитикалық тұрғыдан ойлау және жауапкершілік оған кәсіби міндеттерді сеніммен орындауға көмектеседі.
Бірақ оның үлесі осымен аяқталмайды. Александра - «Караганда Энергоцентр» корпоративтік оқу орталығында ішкі жаттықтырушысы. Қазіргі уақытта ол «MS Excel негіздері» курсын жүргізіп жатыр және курстың екінші ағыны басталды. Оқыту тікелей ЖЭО-3-те өндірісті тоқтатпай өтеді – бұл барлық қатысушылар үшін ыңғайлы және тиімді.
Оның жаттықтырушы ретіндегі жолы корпоративтік оқу орталығында «Ересектерді оқытудың базалық қағидаттары» тренингін аяқтағаннан кейін басталды. Александра ішкі жаттықтырушы ретінде аттестатталды және өндірістік деректермен жұмыс істеу кезінде қызметкерлерге кездесетін нақты міндеттерге бағытталған «MS Excel негіздері» курсы үшін авторлық бағдарламасын дербес әзірледі.
Александра - еңбек әулетінің жалғастырушысы. Оның ата-анасы да ЖЭО-3-те жұмыс істеген: анасы - қазандық цехында қараушы машинист, әкесі - аға электр монтаждаушы. Станцияда әлі күнге дейін анасын, Айжан Дангелбекқызын, немесе жас қызметкерлер құрметпен атағандай, «Айжан апаны» жылы сөзбен еске алады. Ол көпшілік үшін керемет тәлімгер ғана емес, сонымен қатар оларды ұжымға қосып, өз орнын табуға көмектесетін адам болды.
Александра – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесінің иегері, кәсіби және жастар бастамаларының белсенді қатысушысы. Оның жетістіктерінің бірі – Мәскеу қаласында өткен CASE-IN халықаралық инженерлік чемпионатына қатысу, онда оның баяндамасы назарға алынды.
Бүгінгі күнде Александра ЖЭО-3 Жастар активі жетекшісінің орынбасары. Энергия, білім алу және дамуға ұмтылу – мұның бәрі ол туралы айтылған!
Александра Киршенман — инженер по расчётам производственно-технического отдела Карагандинской ТЭЦ-3. Формулы, таблицы и техпроцессы — каждый день она занимается расчетами, это привычная часть её рабочего дня. Внимание к деталям, аналитическое мышление и ответственность помогают ей уверенно справляться с профессиональными задачами.
Но на этом её вклад не заканчивается. Александра — внутренний тренер корпоративного учебного центра «Караганда Энергоцентр». Сейчас она ведёт курс «Основы MS Excel», и уже начался второй поток. Обучение проходит прямо на ТЭЦ-3, без отрыва от производства — удобно и эффективно для всех участников.
Путь тренера для неё начался после прохождения тренинга «Базовые принципы обучения взрослых» в корпоративном учебном центре. Александра была аттестована как внутренний тренер и самостоятельно разработала авторскую программу курса «Основы MS Excel», ориентированную на реальные задачи, с которыми сталкиваются сотрудники при работе с производственными данными.
Александра — продолжательница трудовой династии. Её родители тоже работали на ТЭЦ-3: мама — машинистом-обходчиком в котельном цехе, отец — старшим электромонтёром. До сих пор на станции с теплотой вспоминают её маму, Айжан Дангильбековну — или «тётю Айжан», как уважительно называли её молодые сотрудники. Она стала для многих не только отличным наставником, но и человеком, который помогал влиться в коллектив и найти здесь своё место.
Александра — бакалавр и магистр по специальности «Электроэнергетика», активный участник профессиональных и молодёжных инициатив. Среди её достижений — участие в Международном инженерном чемпионате CASE-IN в Москве, где её доклад получил серьёзное внимание.
Сегодня Александра — заместитель лидера Молодёжного актива ТЭЦ-3. Энергия, знания и стремление развиваться — всё это про неё!