3-ЖЭО-ДА ҚОСЫМША ЖЫЛЫТУ ЖАБДЫҒЫ ОРНАТЫЛДЫ
Дата: 18.08.2025Жылыту жабдығын күшейтуге бағытталған 3-ЖЭО технологиялық құбыржолдарын реконструкциялаудың қорытынды кезеңі белсенді фазада.
Станцияның турбиналық цехында желілік суды жылытудың екі жаңа шыңдық жылытқышы қосымша орнатылады. Бұл жабдық аязда желілік суды қажетті температураға дейін қосымша жылытуға арналған. Қазір құбыржолдарды монтаждау және жаңа жылытқыштарды байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.
Өткізіліп жатқан барлық іс-шаралар жылу тасымалдағыштың тұрақты температурасын қамтамасыз етуге және қыс мезгілінде жабдық жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған.
3-жылу құбыры жобасы жұмыс істеп тұрған желілерді жеңілдетіп, Оңтүстік-Шығыстың жаңа аудандарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді. 3-ЖЭО-да технологиялық құбыржолдарды реконструкциялау жөніндегі іс-шаралар 2023 жылдан басталды. Осы уақыт ішінде станция аумағында тірек конструкцияларын монтаждау, жерасты төсеу үшін арналар дайындау және желілік суды тазарту үшін жабдықтар орнату арқылы 2 шақырымнан астам құбыржолдар реконструкциядан өтті.
В активной фазе — заключительный этап реконструкции технологических трубопроводов ТЭЦ-3, направленный на усиление теплофикационного оборудования.
В турбинном цехе станции дополнительно устанавливают два новых пиковых подогревателя сетевой воды. Это оборудование предназначено для дополнительного подогрева сетевой воды до необходимой температуры в морозы. Сейчас выполняются работы по монтажу трубопроводов и обвязке новых подогревателей. Работы завершатся до начала отопительного сезона.
Все проводимые мероприятия нацелены на обеспечение стабильной температуры теплоносителя, и повышение надёжности работы оборудования в зимний период.
Проект 3 тепловывода разгрузит действующие сети и обеспечит качественным теплом новые районы Юго-Востока. На ТЭЦ-3 мероприятия по реконструкции технологических трубопроводов начались с 2023 года. За это время на территории станции реконструировано более 2 км трубопроводов с монтажом опорных конструкций, подготовкой каналов для подземной прокладки и установкой оборудования для очистки сетевой воды.