» » 3-ЖЭО ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

3-ЖЭО ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Дата: 20.08.2025
Бүгін Қарағанды 3-ЖЭО-ға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С. О. Нұрғожина жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында жаңа жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазір 3-ЖЭО-да бір қазандық агрегаты мен екі турбина күрделі жөндеуде, сондай-ақ ағымдағы жөндеуде тағы бір қазандық бар. №6 қазандықты күрделі жөндеу аясында негізгі тетіктер: күл шнектері, оттықтар, түтін сорғыштар, желдеткіштер, диірмендер және көмір бункерлері ауыстырылып, жаңартылуда. Жаңа тазалау жүйелері орнатылды. Бірінші турбинада жоғары, орташа және төмен қысымды цилиндрлер қалпына келтірілді, тіректер, басқару жүйелері және генератор жөнделеді.

Қазірдің өзінде үлкен көлемдегі жұмыс атқарылды: төрт қазандық пен үш турбинаға ағымдық жөндеу жұмыстары жасалды, сондай-ақ экран панельдерін 100% ауыстыра отырып, аса қыздырғышты, экономайзерді, ауа қыздырғышымен бірге – барлығы 300 тоннадан астам металлмен №1 қазандық күрделі жөнделді.

Бүгінде жөндеу бағдарламасы 74% -ға орындалды. Қыркүйек айында №5 турбинаға жөндеу жұмыстары басталады. Осымен биылғы жөндеу бағдарламасы аяқталады.

1-ЖЭО және 3-ЖЭО қоймаларында жылыту маусымына отын жинақталуда: қазіргі уақытта 400 мың тоннадан астам көмір бар, бұл станциялардың 30 күннен астам жұмыс істеуіне жетеді.



Сегодня на Карагандинской ТЭЦ-3 с рабочим визитом побывал Государственный инспектор администрации Президента РК С.О.Нургожина. В ходе встречи ознакомились с проводимыми ремонтными работами в рамках подготовки к новому отопительному сезону.
На ТЭЦ-3 сейчас капитально ремонтируют один котлоагрегат и две турбины, также в текущем ремонте еще один котел. В рамках капитального ремонта котла №6 заменяют и модернизируют основные узлы: золошнеки, горелки, дымососы, вентиляторы, мельницы и угольные бункеры. Установили новые системы очистки. В рамках капремонтов на всех котлоагрегатах установят новые золоулавливающие системы – эмульгаторы с повышенной степенью очистки. На первой турбине восстанавливают цилиндры высокого, среднего и низкого давления, ремонтируют опоры, системы регулирования и генератор.
Уже завершён большой объём работ: текущие ремонты четырёх котлов и трёх турбин, а также капитальный ремонт котла №1 со 100% заменой панелей экранов, пароперегревателя, экономайзера и воздухоподогревателя — всего более 300 тонн металла.
Сейчас программа подготовки выполнена на 74%. В сентябре стартует ремонт турбины №5. Это завершит ремонтную программу этого года.
На складах ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 к отопительному сезону идет накопление топлива: сейчас здесь более 400 тысяч тонн угля, этого хватит на более 30 суток работы станций.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz