» » АҒЫМДАҒЫ ЖҰМЫС КЕЗЕҢІ

АҒЫМДАҒЫ ЖҰМЫС КЕЗЕҢІ

Дата: 27.08.2025
Қарағанды 1-ЖЭО-да жабдықтарды жөндеу жалғасып жатыр. Станция тек жылыту маусымында ғана жұмыс істейді, ал жазда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін толығымен тоқтатылады. Жалпы 1-ЖЭО-да 8 қазандық агрегаты мен 4 турбина орнатылған. Екі қазандық пен турбина күрделі жөндеуден өтеді.

Қазір мынадай жұмыстар атқарылып жатыр:
- № 4 қазандық агрегатын күрделі жөндеу аяқталу барысында, жөндеу кезінде отын беру, жану және күл шығару үшін жауап беретін негізгі тораптар ауыстырылды және жөнделді. Қазандық жұмысының сенімділігін арттыру үшін құбырлар мен арматуралардың бір бөлігі ауыстырылды;

- № 3 қазандық агрегаты ағымдағы жөндеуден өтті;

- екі айға жуық уақытқа созылған № 5 турбоагрегатты күрделі жөндеу аяқталып қалды. Қазір мұнда діріл-баптау жұмыстары жүргізілуде. Ротор, реттеу жүйесі, бұрылыс диафрагмалары, мойынтірек ішпегінің тіректері жөнделді, арматура ауыстырылды.

- № 5 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды – мұнда типтік жұмыстар жүргізіледі, жабдықтарға диагностика жасалады, ықтимал зақымданулар жойылады, қазандық агрегаты экрандарының құбырлары ауыстырылады. Жұмыс барысында ШКҚ басқару жүйесі енгізіледі.

- көпір кранын жөндеу, электр қозғалтқыштары мен трансформаторларды тексеру және жөндеу, электр жабдықтарын жаңғырту, шатырды жөндеу сияқты қосалқы жабдықтарды дайындау жүргізіліп жатыр.

Отын – көмір мен мазут қоры құрылды. Жөндеу науқаны сенімді, авариясыз жылумен жабдықтау үшін генерациялайтын жабдықты тексеруге және оны дұрыс жағдайда ұстауға бағытталған.

Биыл 1-ЖЭО-ға 65 жыл толады. Осы уақыт аралығында станция Жаңа қаланың орталық бөлігін және Михайловканы жылумен қамтамасыз етеді.




На Карагандинской ТЭЦ-1 продолжается ремонт оборудования. Станция работает только в отопительный период, а летом полностью останавливается для проведения ремонтов. Всего на ТЭЦ-1 установлено 8 котлоагрегатов и 4 турбины. Капитальным ремонтом были охвачены два котла и турбина.

Сейчас выполняются работы:
- завершается капитальный ремонт котлоагрегата № 4, в ходе которого заменили и отремонтировали основные узлы, которые отвечают за подачу топлива, горение и золоудаление. Для повышения надежности работы котла заменили часть труб и арматуры;

- выполнен текущий ремонт котлоагрегата № 3;

- заканчивается капитальный ремонт турбоагрегата № 5, который продлился почти два месяца. Сейчас здесь ведутся вибро-наладочные работы. Был отремонтирован ротор, система регулирования, поворотные диафрагмы, опоры вкладышей подшипников, заменили арматуру.

- начат текущий ремонт котлоагрегата № 5 – здесь проведут типовые работы, проведут диагностику оборудования, устранят возможные повреждения, замену труб экранов котлоагрегата. В ходе работ будет внедрена система управления ПСУ.

- проводится подготовка вспомогательного оборудования: как ремонт мостового крана, ревизия и ремонт электродвигателей и трансформаторов, модернизация электрооборудования, ремонты кровли.

Создан запас топлива – угля и мазута. Ремонтная кампания нацелена на проверку и поддержание генерирующего оборудования в исправном состоянии для надёжного, безаварийного теплоснабжения.


В этом году ТЭЦ-1 исполняется 65 лет. Всё это время станция обеспечивает теплом центральную часть Нового города и Михайловку.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz