ҚАРАҒАНДЫ ЭНЕРГИЯ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚУАТЫН АРТТЫРУДА
Дата: 10.09.2025Қарағандыдағы ЖЭО-3-те жаңа энергия блогының құрылысы басталды. Құны 134,6 млрд теңгені құрайтын жоба өңірге қосымша электр және жылу қуатын бермек. Жобаны «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС жүзеге асыруда. Компания – Ordabasy Group құрамындағы «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-нің еншілес ұйымы.
Капсула салу рәсімі облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың қатысуымен өтті. Сондай-ақ шараға Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС және Ordabasy Group Бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Идрисов, «ҚКЖ» ЖШС-нің бас директоры Сабырғали Идрисов, сондай-ақ «Қарағанды Энергоцентр» компаниясының басшылығы қатысты.
– Жаңа энергия блогының іске қосылуы Қарағандыны қосымша 140 мегаватт электр қуатымен және сағатына 180 гигакалория жылумен қамтамасыз етеді. Құрылыс жаңа жұмыс орындарын ашып, біздің мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді және жергілікті инженерлік мектептің дамуына серпін береді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Жобаның құны 134,6 млрд теңге, оны 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыстың аясында жаңа қазан агрегаты мен турбогенератор орнатылады.
– Жаңа энергия блогының арқасында 400-ден астам тұрғын үй мен әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, жоба қаланың ең өзекті мәселелерінің бірі – тұрақты жылу және электр энергиясымен қамтуды шешіп қана қоймай, 55 жаңа жұмыс орнын ашып, өңір экономикасының жандануына ықпал етеді, – деп атап өтті Дінмұхамед Идрисов, «ҚКЖ» компаниялар тобы мен Ordabasy Group Бақылау кеңесінің төрағасы.
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов министрлік атынан жаңа энергия блогының құрылысының басталуымен құттықтады.
– Мұндай ірі жобалар қажет: олар тек облыстың ғана емес, бүкіл елдің энергетика жүйесіне үлкен ықпал етеді. Біз оларды қолдауға дайынбыз, – деді Сұңғат Есімханов.
Жоба Еуразиялық даму банкінің стратегиялық әріптестігімен жүзеге асырылып жатыр.
На Карагандинской ТЭЦ-3 начали строить новый энергоблок. Проект стоимостью 134,6 млрд тенге создаст для области дополнительные ресурсы электро- и теплоснабжения. Проект реализует ТОО «Караганда Энергоцентр» — дочерняя компания ТОО «Казахстанские коммунальные системы», входящее в состав инвестиционно-промышленного холдинга Ordabasy Group.
Торжественная церемония закладки капсулы состоялась с участием акима области Ермаганбета Булекпаева, вице-министра энергетики РК Сунгата Есимханова. Также присутствовали заместитель председателя правления Евразийского банка развития Руслан Даленов, председатель наблюдательного совета ТОО «Казахстанские коммунальные системы» (ККС) и Ordabasy Group Динмухамет Идрисов и генеральный директор ТОО «ККС» Сабыргали Идрисов, а также руководство компании «Караганда Энергоцентр».
–Ввод энергоблока обеспечит Караганду дополнительными 140 мегаваттами электроэнергии и 180 гигакалориями тепла в час. Строительство даст новые рабочие места, позволит нашим специалистам повышать квалификацию, поддержит развитие местной инженерной школы, – сказал Ермаганбет Булекпаев.
Проект стоимостью 134,6 млрд тенге планируют завершить до 2028 года. Будут построены новые котлоагрегат и турбогенератор.
– Благодаря запуску нового энергоблока теплом будут обеспечены свыше 400 жилых домов и социальных объектов. Кроме того, проект не только решает одну из самых актуальных задач города — обеспечение стабильного тепла и электроэнергии, — но и создаёт 55 новых рабочих мест, способствуя экономическому оживлению региона, — подчеркнул Динмухамет Идрисов, председатель Наблюдательного совета Группы компаний ККС и Ordabasy Group.
Вице-министр энергетики РК Сунгат Есимханов от имени министерства поздравил с началом строительства нового энергоблока.
– Такие большие проекты нужны: они имеют большое влияние на систему электроэнергетики не только области, но и страны. Мы готовы их поддерживать, – сказал Сунгат Есимханов.
Проект реализуется при стратегическом партнёрстве с Евразийским банком развития.