1-ЖЭО МЕН 3-ЖЭО ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК ПАСПОРТЫН АЛДЫ
Дата: 17.09.202511 қыркүйекте «Караганда Энергоцентр» ЖШС 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО қысқа дайындығын растады: станциялар алдағы жылыту маусымына әзірлік паспорттарын алды.
Құжат төмен температура жағдайында жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі үшін барлық іс-шаралар кешенінің орындалғанын растайды.
Тексеру кезінде:
• генерациялайтын және жылу желісі жабдықтарының техникалық дайындығына;
• станциялардың қысқы жүктеме жағдайында жұмыс істеу қабілетіне;
• персоналды даярлауға;
• қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етуіне ерекше назар аударылды.
Қысқа дайындық 1 наурызда басталып, 1 қазанда аяқталады. Осы уақыт ішінде 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да 5 қазандық пен 3 турбинаны күрделі жөндеуді қоса алғанда, жабдықтың 26 негізгі бірлігі жөнделді.
Отынның – көмір мен мазуттың нормативтік қоры жасалды. Оның көлемі барлық жылыту кезеңінде сақталатын болады.
Әзірлік паспорттарын алу – ең суық айларда Қарағанды тұрғындары мен кәсіпорындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз етуге бағытталған екі станция ұжымының қомақты жұмысының нәтижесі болып табылады.
11 сентября ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 ТОО «Караганда Энергоцентр» подтвердили свою готовность к зиме: станции получили паспорта готовности к предстоящему отопительному сезону.
Документ подтверждает, что выполнен весь комплекс мероприятий для надежной и бесперебойной работы оборудования в условиях низких температур.
При проверке особое внимание уделялось:
• технической готовности генерирующего и теплосетевого оборудования;
• способности станций работать в условиях зимних нагрузок;
• подготовке персонала;
• обеспеченности средствами защиты и спецодеждой.
Подготовка к зиме стартовала 1 марта и завершится 1 октября. За это время на ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 отремонтировано 26 основных единиц оборудования, включая капитальные ремонты 5 котлов и 3 турбин.
Создан нормативный запас топлива — угля и мазута. Его объём будет поддерживаться на протяжении всего отопительного периода.
Получение паспортов готовности — результат большой работы коллективов обеих станций, направленной на обеспечение теплом и светом жителей и предприятий Караганды в самые холодные месяцы.