» » 3-ЖЭО ДИСПЕТЧЕРНІҢ ЖҰМЫСЫНДА ӘР МИНУТ МАҢЫЗДЫ

3-ЖЭО ДИСПЕТЧЕРНІҢ ЖҰМЫСЫНДА ӘР МИНУТ МАҢЫЗДЫ

Дата: 19.09.2025
Күн сайын Қарағанды 3-ЖЭО-ға көмір тиелген ондаған вагон келеді. Бұл үлкен энергетикалық тізбектің басы: отынсыз қазандықтан бу шықпайды, турбина жұмысы да, үйлерде жылу да болмайды. Отын-тасымалдау цехы көмірді қабылдау және жіберу үшін жауап береді. Мұнда 150-ден астам адам үлкен шаруашылықты басқарады: олар вагонаударғыштар, ұсақтау қондырғылары, локомотивтер, бульдозерлер, конвейерлер. Бұл техниканың тәртіпке салынған жұмысы отынның вагондардан қазандық цехына дейін тасымалдауын қамтамасыз етеді.

Осы механиканың барлығын адам басқарады. Диспетчерлер – цехтың жүрегі. Олар әрбір вагон уақытында түсіруге жіберілуін, аударғыштардың тоқтаусыз жұмыс істеуін бақылайды, ал көмір технологиялық тізбек бойынша одан әрі жөнелтіледі. Бір ауысымда жүзге жуық вагон өтеді, бәрі де тоқтаусыз жүруі тиіс.

Бұл жұмысты жете білетіндердің бірі – Алмагүл Байтұрова. Ол 1980 жылдары темір жол көлігі техникумын бітіріп, содан бері өмірін осы мамандықпен байланыстырды. Алмагүл отыз жылдан астам уақыт бойы мамандығы бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 19 жыл – 3-ЖЭО-да жұмыс істейді.

«Ауысымда бәрі үйлесімді болуы тиіс, - дейді ол. – Бір мезгілде ойымызда ондаған міндеттер болады: вагондар қайда түсіріледі, жөндеу қайда жүргізіліп жатыр, қандай көлем келіп жатыр. Диспетчер әрқашан жағдайды болжап, бір қадам алда әрекет етуі тиіс».

Диспетчердің жұмыс күні – бұл ондаған қоңыраулар, келіссөздер және көрсеткіштерді салыстыру. Диспетчер адамдар мен техника арасындағы байланыстырушы буынға айналады, ауысым жұмысын үйлестіреді және қауіпсіздікті бақылауға алады.

Бүгінгі күні Алмагүл – тәжірибелі маман, әріптестер арасында беделді. Оның жұмысы ұстамдылықты, егжей-тегжейге жете қарауды, тез шешім қабылдай білуді талап етеді. Бірақ бұл тек қатаң нұсқаулар ғана емес. Бұл адамдар. Вахта ұжымы ұйымшыл: көпшілігі ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келеді, өз ісін жетік біледі. Олар өз жұмысын жақсы біледі, сондықтан жұмыс өз ретімен жүреді.




Каждый день на Карагандинскую ТЭЦ-3 прибывают десятки вагонов с углём. Это начало большой энергетической цепочки: без топлива не будет ни пара котлов, ни работы турбин, ни тепла в домах. За приём и подачу угля отвечает топливно-транспортный цех. Более 150 человек управляют здесь огромным хозяйством: вагоноопрокидами, дробильными установками, локомотивами, бульдозерами, конвейерами. Отлаженная работа этой техники обеспечивает движение топлива от вагонов до котельного цеха.

Но за всей этой механикой стоят люди. Сердце цеха — диспетчеры. Именно они следят за тем, чтобы каждый вагон вовремя подан к разгрузке, чтобы опрокиды работали без простоев, а уголь отправлялся дальше по технологической цепочке. За смену проходит около сотни вагонов, и всё должно идти без сбоев.

Одна из тех, кто знает эту работу досконально, — Алмагуль Байтурова. В 1980-е она окончила техникум железнодорожного транспорта и с тех пор связала свою жизнь с этой профессией. Уже более трёх десятилетий Алмагуль работает по специальности, из них 19 лет — на ТЭЦ-3.

«В смене всё должно идти слаженно, — говорит она. — Нужно держать в голове десятки задач: где разгружаются вагоны, где идёт ремонт, какие объёмы поступают. Диспетчер всегда должен предугадывать ситуацию и действовать на шаг впереди».

Рабочий день диспетчера — это десятки звонков, переговоров и сверка показателей. Диспетчер становится связующим звеном между людьми и техникой, координирует работу смены и держит под контролем безопасность.

Сегодня Алмагуль — опытный специалист и авторитет среди коллег. Ее работа требует выдержки, внимания к деталям, умения быстро принимать решения. Но это не только про строгие инструкции. Это ещё и про людей. Коллектив вахты сплочённый: многие трудятся десятилетиями, знают своё дело от и до. Они знают свою работу от и до, и каждый понимает: от их слаженности зависит многое.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz