ЖЭО-ДА ТАС ҚАЛАУШИ КӘСІБІ ЕЛЕУСІЗ БОЛСА ДА, ТАПТЫРМАЙТЫН КӘСІП
Дата: 26.09.2025ЖЭО-да тас қалаушы кәсібі елеусіз болса да, таптырмайтын кәсіп. Оның жұмысы үлкен машиналар мен күрделі жабдықтардан алшақ сияқты. Бірақ берік қабырғаларсыз, сенімді газ құбырларынсыз және төбесіз ешбір цех жұмыс істей алмайды.
- Жұмысымыз әртүрлі, - дейді 3-ЖЭО жөндеу-құрылыс цехының 6-разрядты тас қалаушысы Омар Салкенұлы Бектұрсынов. – Кірпішті де қалаймыз, бетонды да құямыз. Сырлау, сылау жұмыстары, шатырларды жөндеу – осының барлығын біз жасаймыз. Ғимараттар мен құрылыстарды жақсы күйде ұстау – бұның барлығы біздің жауапкершілігімізде.
Тас қалаушы конструкциялардың берік, уақыт пен жүктемеге төзімді болуына жауап береді. Бұл газ құбырларын қалпына келтіру, қабырғаларды жөндеу, іргетастарды күшейту. Бұл жерде қателесуге болмайды: кішкентай ғана жарықшақ үлкен проблемаға әкелуі мүмкін.
Омар Салкенұлы мамандығы бойынша 1981 жылдан бері жұмыс істейді, ал 3-ЖЭО-да 13 жылдан бері еңбек етіп келеді.
«Ұжымымыз шағын болса да, өте тату», - дейді ол. - Ең бастысы – өзара түсіністік пен өзара көмек. Онсыз құрылыста болмайды».
«Тас қалаушы мен үшін жай ғана мамандық емес. Бұл бір өмір ғой. Мектептен кейін жұмыс істей бастадым, 1981 жылы бірден құрылысқа бардым. Осы жұмысыма үйреніп қалдым, кеткім де келмеді. 90-жылдары да құрылыста болдым. Менің жұмысым менің институтыма айналды деуге болады», - дейді күлімсіреп.
Бүгінде артында қырық жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Ең жоғары – алтыншы разряд оның шеберлігін растайды.
«Біз өте қажетпіз», - дейді Омар Салкенұлы. – Әркімнің өз жұмысы бар: турбинистер турбиналарды, қазаншылар қазандықтарды қадағалайды. Ал біз кірпішпен, бетонмен және жөндеу жұмыстарымен байланысты нәрсенің бәрін орындаймыз».
Тас қалаушының жұмысы шулы емес, көзге көрінбейді. Бірақ станцияның барлық жабдықтарына берік де сенімді «үй» негізін дәл солар құрайды.
Каменщик на ТЭЦ — профессия незаметная, но незаменимая. Кажется, что его работа далека от больших машин и сложного оборудования. Но без крепких стен, надёжных газоходов и крыши над головой ни один цех не сможет работать.
— У нас работа разная, — рассказывает каменщик 6-го разряда ремонтно-строительного цеха ТЭЦ-3 Омар Салкенович Бектурсинов. — И кирпич кладём, и бетон льём. Малярные, штукатурные работы, ремонт крыш — всё это тоже наша забота. Всё, что связано с поддержанием зданий и сооружений в надёжном состоянии, — зона нашей ответственности.
Каменщик отвечает за то, чтобы конструкции были прочными, выдерживали и время, и нагрузки. Это и восстановление газоходов, и ремонт стен, и укрепление фундаментов. Ошибка здесь недопустима: малейшая трещина может обернуться большой проблемой.
Омар Салкенович в профессии с 1981 года, а на ТЭЦ-3 трудится уже 13 лет.
«Наш коллектив небольшой, но очень дружный», — говорит он. — Взаимопонимание и взаимовыручка — это главное. Без этого на стройке никак».
Он улыбается и добавляет: — Каменщик для меня — это не просто профессия. Это целая жизнь. Я начал работать после школы, ещё в 1981-м, сразу пошёл на стройку. И так втянулся, что уже не захотел уходить. 90-е тоже прошёл вместе со стройкой. Можно сказать, моя работа и стала моим институтом.
Сегодня за его плечами более сорока лет в профессии. Самый высокий — шестой — разряд подтверждает мастерство.
«Без нас не обойтись», — говорит Омар Салкенович. — У каждого своя работа: турбинисты следят за турбинами, котельщики — за котлами. А мы держим на себе всё, что связано с кирпичом, бетоном и ремонтом».
Работа каменщика не шумная, не на виду. Но именно она создаёт основу — прочный и надёжный «дом» для всего оборудования станции.