» » ТП БАЖ ИНЖЕНЕРІ: БАҚЫЛАУ, ДӘЛДІК, ҚАУІПСІЗДІК

ТП БАЖ ИНЖЕНЕРІ: БАҚЫЛАУ, ДӘЛДІК, ҚАУІПСІЗДІК

Дата: 23.10.2025
Имамбаева Ажаргүл – 3-ЖЭО технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің инженері.
Ол станцияның қазандықтары мен турбиналарын басқаратын автоматиканың үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді. Оның міндеттеріне өлшеу аспаптарын, реттегіштер мен бақылаушыларды баптау және бақылау, сигналдарды талдау, ақауларды жою кіреді. ТП БАЖ инженері мамандығы бүгінгі күнде ерекше сұранысқа ие: энергетика дәлдікті және кәсіби бақылауды талап ететін автоматтандырылған процестерге белсене көшуде.
Ажаргүл ауысымы бекітілген жабдықтарды – басқару қалқандарын, датчиктері бар стендтерді, химиялық су тазалау учаскелерін аралаудан басталады. Күні бойы инженер жүйенің жай-күйін қадағалайды, көрсеткіштерді белгілейді және ауытқуларға назар аударады. Жұмыста ол қазандықтар мен турбиналардың машинистерімен тығыз қарым-қатынаста болады: параметрлерді өзгерту кезіндегі әрекеттерді түзетуге көмектеседі, жабдық жұмысының алгоритмдерін бақылайды. Технологиялық процестің сенімділігі мен қауіпсіздігі маманның зейінділігіне байланысты болады.
Жұмыс шыдамдылықты және тез шешім қабылдай білуді талап етеді. Штаттан тыс жағдайларда инженер қатаң түрде нұсқаулық бойынша әрекет етеді – дәл және уақтылы әрекет ету жұмыстағы іркілістерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Ажаргүл Қарағанды техникалық университетін бейіндік мамандық бойынша бітірген. Энергетика саласында 2011 жылдан бері жұмыс істейді, 14 жылдық кәсіби тәжірибесі бар. Станцияда жұмыс істеген алғашқы айлары оқыту мен бейімделуге: қауіпсіздік техникасы ережелерін зерделеуге, тағылымдамадан өтуге және емтихан тапсыруға арналды. Осы кезеңде 3-ЖЭО-да турбинаны басқару жүйесі мен ТП БАЖ ретке келтіріліп, Ажаргүл жаңа жабдықты біртіндеп игере отырып, дәл осы уақытта жұмыс істей бастады. Бұл тәжірибе оның жедел персонал құрамындағы сенімді және дербес жұмысының негізіне айналды.


Имамбаева Ажаргуль — инженер автоматизированных систем управления технологическими процессами ТЭЦ-3. 
Она отвечает за бесперебойную работу автоматики, управляющей котлами и турбинами станции. В её задачи входят настройка и контроль измерительных приборов, регуляторов и контроллеров, анализ сигналов, устранение неполадок. Профессия инженера АСУ ТП сегодня особенно востребована: энергетика всё активнее переходит на автоматизированные процессы, требующие точности и профессионального контроля. 
Смена Ажаргуль начинается с обхода закреплённого оборудования — щитов управления, стендов с датчиками, участков химводоочистки. В течение дня инженер следит за состоянием систем, фиксирует показания и реагирует на отклонения. В работе он тесно взаимодействует с машинистами котлов и турбин: помогает корректировать действия при изменении параметров, контролирует алгоритмы работы оборудования. От внимательности специалиста зависит надёжность и безопасность технологического процесса.
Работа требует выдержки и умения быстро принимать решения. В нештатных ситуациях инженер действует строго по инструкциям — именно точные и своевременные действия позволяют избежать сбоев в работе.
Ажаргуль окончила Карагандинский технический университет по профильной специальности. В энергетике работает с 2011 года, за плечами — 14 лет профессионального опыта. Первые месяцы на станции были посвящены обучению и адаптации: изучению правил техники безопасности, стажировке и сдаче экзаменов. В этот период на ТЭЦ-3 проводилась наладка системы управления турбины и АСУ ТП, и Ажаргуль начала работать именно в это время, постепенно осваивая новое оборудование. Этот опыт стал основой её уверенной и самостоятельной работы в составе оперативного персонала.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz