» » 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар өтті

1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар өтті

Дата: 24.10.2025
Төрт күн бойы станцияларда шындыққа барынша жақын болатындай жағдайлар жасалды: тұтану, жабдықтың сөнуі, қорғаныс жүйелерінің іске қосылуы. Әрбір жаттығу қатысушылардан жинақы, мұқият болуды және кідіріссіз әрекет етуді талап етті.
Оқу-жаттығуға жедел персоналдың барлық ауысымдары, сондай-ақ өртке қарсы және медициналық қызметтер қатысты. Барлық бөлімшелердің іс-қимылы авариялық жағдайларды жою алгоритмдерін пысықтауға және станция жұмысына жұмылдырылған қызметтерді уақтылы хабардар етуге бағытталды.
Жаттығудың басты мақсаты – персоналдың шұғыл жағдайларға дайындығын тексеру, сондай-ақ қызметтер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру. Мұндай іс-шаралар тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге және өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Штаттан тыс жағдай болған кезде әрбiр қызметкердің өз iс-қимылының реттілігін нақты бiлуi аса маңызды, атап айтқанда: тұтануды жедел оқшаулау, жабдықтың зақымдануын болдырмау, электр және жылу энергиясының тұрақты берiлуiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге дер кезiнде көмек көрсету. 
Тұрақты тексеру жүргізу жоғары дайындық деңгейін және жабдықтың сенімді жұмысын сақтауға көмектеседі. ЖЭО жұмысының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы – жүйелі дайындықтың, тәжірибенің және командалық өзара іс-қимылдың нәтижесі. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша персонал іс-қимылының жалпы бағасы – «жақсы».


В течение четырёх дней на станциях моделировались ситуации, максимально приближённые к реальности: возгорания, отключения оборудования, срабатывание систем защиты. Каждая тренировка требовала от участников собранности, внимательности и умения действовать без промедления.
В учениях приняли участие все смены оперативного персонала, а также противопожарная и медицинская службы. Действия всех подразделений были направлены на отработку алгоритмов ликвидации аварийных ситуаций и своевременное оповещение служб, задействованных в работе станции.
Главная цель тренировок — проверить готовность персонала к экстренным ситуациям, а также повысить эффективность взаимодействия между службами. Подобные мероприятия позволяют совершенствовать практические навыки и повышать уровень безопасности на производстве.
Во время нештатной ситуации особенно важно, чтобы каждый сотрудник точно знал последовательность действий: оперативно локализовать возгорание, предотвратить повреждение оборудования, обеспечить стабильную подачу электро- и теплоэнергии, и своевременно оказать помощь пострадавшим.
Регулярные проверки помогают поддерживать высокий уровень готовности и надёжную работу оборудования. Безопасность и стабильность работы ТЭЦ — результат системной подготовки, опыта и командного взаимодействия. По итогам учений общая оценка действий персонала — «хорошо».


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz