ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ 3-ЖЭО ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Дата: 17.11.2025Қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелері Қарағанды 3-ЖЭО-ға барып, станцияның ағымдағы жылыту маусымына дайындығын бағалап, кеңейтудің инвестициялық жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Қысқа дайындық 8 айға созылып, қазан айында аяқталды. Осы уақыт ішінде 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да 26 негізгі жабдыққа, соның ішінде бес қазандық пен үш турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Отынның, яғни көмір мен мазуттың қажетті қоры жасалды, ол барлық жылыту кезеңінде сақталатын болады.
14 қарашадағы жағдай бойынша қаланы жылумен жабдықтау штаттық режимде өтіп жатыр. 3-ЖЭО-да жеті қазандық пен бес турбина жұмыс істеп тұр, берудегі желілік су температурасы «Теплотранзит Караганда» ЖШС кестесіне сәйкес келді.
Сапар барысында кеңес мүшелері компанияның негізгі өндірістік цехтарын, оқу орталығын және 3-ЖЭО кеңейту жобасының құрылыс алаңын аралап шықты. Ауқымды жоба 2024 жылы басталды, 2028 жылға дейін станцияда № 9 қазандық агрегаты мен № 7 турбоагрегаты бар жаңа энергоблокты іске қосу жоспарланып отыр. Оның іске қосылуы станцияның электр қуатын 140 МВт және жылу қуатын сағатына 180 Гкал арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өкілдері инвестициялық жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері мен қаланы сенімді жылумен қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы міндеттер туралы айтып берді.
Члены Общественного совета города посетили Карагандинскую ТЭЦ-3, чтобы оценить готовность станции к проходящему отопительному сезону и ознакомиться с ходом реализации инвестиционного проекта расширения.
Подготовка к зиме длилась восемь месяцев и завершилась в октябре. За это время на ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 отремонтировано 26 основных единиц оборудования, включая капитальные ремонты пяти котлов и трёх турбин. Создан необходимый запас топлива — угля и мазута, который будет поддерживаться на протяжении всего отопительного периода.
По состоянию на 14 ноября теплоснабжение города осуществляется в штатном режиме. На ТЭЦ-3 в работе находились семь котлов и пять турбин, температура сетевой воды на подаче соответствовала графику ТОО «Теплотранзит Караганда».
В рамках визита члены совета осмотрели основные производственные цеха, учебный центр компании и строительную площадку проекта расширения ТЭЦ-3. Масштабный проект стартовал в 2024 году, и до 2028 года на станции планируется ввод нового энергоблока с котлоагрегатом № 9 и турбоагрегатом № 7. Его запуск позволит увеличить электрическую мощность станции на 140 МВт и тепловую — на 180 Гкал/ч.
Представители предприятия подробно рассказали о ключевых этапах реализации инвестиционного проекта и текущих задачах по обеспечению надёжного теплоснабжения города.