«КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС: ЖАБДЫҚТЫҢ ПУЛЬСІН БІЛЕТІН МАМАН
Дата: 20.11.20253-ЖЭО вибродиагностика жөніндегі инженері Антон Онуфриенко станцияның барлық айналмалы механизмдерінің жай-күйін бақылайды. Вибродиагностика арқылы Антон машинадағы металдың тербелісі, шу және діріл амплитудасы бойынша агрегат жұмыс істеп тұрғанын немесе нашарлай бастағанын анықтайды.
Әрбір механизмде – түтін сорғыш, диірмен, сорғы, турбиналық немесе қазандық агрегатының элементтері – айналу жиілігіне және мойынтіректердің жай-күйіне байланысты өзінің діріл нормалары болады. Параметрлердің артуы тіректерге зақым келтіруі және аварияға әкелуі мүмкін, сондықтан жабдық үнемі тексеріледі. Виброанализатордың көмегімен Антон ауытқулардың себептерін анықтайды: мойынтіректің ақауы, орталықтандыру, ылғалды болуы немесе қалақшаның тозуы. Егер проблема теңгерімсіздікте болса, Антон теңгерім жасайды: түзетуші жүкті есептейді, оны орнатады және айналмалы дөңгелекке тепе-теңдікті қайтара отырып қайнатады. Кейде диагностика ауыр зардаптарды болдырмауға көмектеседі.
Антонның кәсіптік жолы практикаға негізделген – вибродиагностика бойынша арнайы оқу орындары жоқ. Ол станцияға слесарь болып келіп, қазір тексеріп жатқан жабдықтарды жөндеді. Білім «қолдан қолға»: тәжірибелі шеберлерден жаңа бастаған мамандарға берілді. Колледжде «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша алынған техникалық база негіз болды, бірақ нағыз кәсіби іс көп жылғы тәжірибе арқылы қалыптасады.
Бұл сирек кездесетін мамандық: станцияда тек екі маман жұмыс істейді, олар 3-ЖЭО мен 1-ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Антонның айтуынша, вибродиагносттың жұмысында жауапкершілік, аналитикалық ойлау және мәселені тұтастай көру қабілеті ерекше маңызды. Ондаған факторларды ескеру керек: температура, жүктеме, жұмыс тәртібі, жөндеу тарихы және тіпті нақты машинаның сипаты, себебі екі бірдей агрегат өздерін мүлде басқаша көрсете алады. Әрбір қорытынды – тәжірибені, параметрлерді және уақыт өте келе пайда болатын интуитивті инженерлік сезімді салыстыру болып табылады.
Инженер по вибродиагностике ТЭЦ-3 Антон Онуфриенко следит за «самочувствием» всех вращающихся механизмов станции. Вибродиагностика позволяет буквально услышать машину: по колебаниям металла, шуму и амплитуде вибрации Антон определяет, в норме ли агрегат или начинается разрушение.
Каждый механизм — дымосос, мельница, насос, элементы турбинного или котельного агрегата — имеет свои нормы вибрации, зависящие от частоты вращения и состояния подшипников. Превышение параметров может повредить опоры и привести к аварии, поэтому оборудование регулярно проверяется. С помощью виброанализатора Антон находит причины отклонений: дефект подшипника, расцентровка, попадание влаги или износ лопаток. Если проблема — в дисбалансе, Антон выполняет балансировку: рассчитывает корректирующий груз, устанавливает и проваривает его, возвращая равновесие вращающемуся колесу. Иногда диагностика помогает предотвратить серьёзные последствия.
Путь в профессию у Антона был практическим — специальных учебных заведений по вибродиагностике нет. Он пришёл на станцию слесарем, ремонтировал то оборудование, которое теперь обследует. Знания передавались «из рук в руки»: от опытных мастеров к тем, кто только начинает. Техническая база, полученная в колледже по специальности «теплоэнергетика», стала основой, но настоящий профессионализм формируется годами практики.
Профессия редкая: на станции работают всего два специалиста, обеспечивая надёжную работу ТЭЦ-3 и ТЭЦ-1. По словам Антона, в работе вибродиагноста особенно важны ответственность, аналитическое мышление и умение видеть картину целиком. Нужно учитывать десятки факторов: температуру, нагрузку, режим работы, историю ремонтов и даже характер конкретной машины — ведь два одинаковых агрегата могут вести себя совершенно по-разному. Каждый вывод — это сопоставление опыта, параметров и интуитивного инженерного чутья, которое появляется только с годами.