ҚАРАҒАНДЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ
Дата: 27.04.2024ҚАРАҒАНДЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ
2024 жылғы 26 сәуірден 27 сәуірге қараған түні Қарағандыда жылыту маусымы аяқталды, ол 210 күнге созылды.
Қаланың негізгі жылу көзі болып табылатын ЖЭО-3-те 2024 жылғы 27 сәуірде сағат 00:00-ден бастап жылыту жабдықтарының негізгі бөлігі өшіріліп, ыстық сумен жабдықтау үшін желілік су беруді қамтамасыз ететін жабдықтар ғана жұмыс істеп тұрады. Станция облыс үшін электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ете отырып, конденсациялық режимге көшеді.
Жергілікті маңызы бар станция болып табылатын ЖЭО-1, жылыту маусымы аяқталысымен жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өз жұмысын тоқтатады.
Маусым бойы қала үшін жалғыз жылу көздері - ЖЭО-3, ЖЭО-1 - тұтынушылардың барлық топтарына - Қарағандының тұрғындарына, әлеуметтік нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарына жылу және электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз етті. 2023/24 жылдардағы жылыту кезеңінде өндірілген жылу энергиясының көлемі - 3 млн. астам Гкал. ЖЭО-1 және ЖЭО-3 жылыту маусымында 13 қазандық агрегаты, 10 турбоагрегат және 3 су жылыту қазандығы жұмыс істеді.
Қарағанды ЖЭО-3-те 1 сәуірден бастап келесі жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу бағдарламасы басталды. Қазіргі уақытта № 1 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, № 1 турбинада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жөндеу бағдарламасы 30 қыркүйекке дейін жалғасады, және де кестеге сәйкес осы уақыт аралығында ЖЭО-3 мен ЖЭО-1 қазандық пен турбиналық жабдықтар толық жөнделеді.
ТОО «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР»: ОТОПИТЕЛЬНЫЙ СЕЗОН 2023-2024 ГОДОВ В КАРАГАНДЕ ЗАВЕРШЕН
В ночь с 26 на 27 апреля 2024 года в городе Караганде завершился отопительный сезон, который продлился 210 дней.
На ТЭЦ-3, основном теплоисточнике для города, с 00:00 часов 27 апреля 2024 года отключена основная часть теплофикационного оборудования, оставлено в работе только то оборудование, которое обеспечивает подачу сетевой воды для горячего водоснабжения. Станция переходит на работу в конденсационный режим, обеспечивая выработку электрической энергии.
ТЭЦ-1, станция местного значения, с окончанием отопительного сезона остановит свою работу для проведения ремонтных работ на оборудовании.
На протяжении всего сезона единственные для города теплоисточники - ТЭЦ-3, ТЭЦ-1 - обеспечили бесперебойное производство тепловой и электрической энергии всем группам потребителей – населению, социальным объектам и промышленным предприятиям Караганды.
Количество выработанной тепловой энергии за отопительный период 2023/24 гг. составило свыше 3 млн. Гкал. В работе на ТЭЦ-1 и ТЭЦ-3 во время отопительного сезона находилось 13 котлоагрегатов, 10 турбоагрегатов и 3 водогрейных котла.
На Карагандинской ТЭЦ-3 с 1 апреля начата ремонтная программа по подготовке к следующему отопительному периоду.
Завершен текущий ремонт турбины №1 и продолжается текущий ремонт котлоагрегата №1.
Ремонтная программа продлится до 30 сентября, и в соответствии с графиком за это время на ТЭЦ-3 и ТЭЦ-1 полностью отремонтируют котельное и турбинное оборудование.