» » 2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ

2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ

Дата: 19.09.2022
2022 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Караганда Энергоцентр» ЖШС-дағы Қарағанды ЖЭО-3-ке келді.
 
Қарағанды ЖЭО-3-ті аралау барысында алдағы жылыту кезеңіне дайындық шеңберіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінгі күні Қарағанды қаласының негізгі энергия көзі ЖЭО-3-те жылу беру маусымына дайындық бойынша жөндеу науқаны аяқталуға жақын. Орындалуы 94%. Жөндеу жұмыстары 7 қазандық агрегатта және 5 турбогенераторда іске асырылды. № 4 қазандық агрегаты мен № 5 турбогенераторды күрделі жөндеу жалғасуда.
Қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізу кезінде қыздыру беттерін, айналмалы механизмдерді, тарту-үрлеу механизмдерін; шаң дайындау жүйесін; тиек арматурасын жөндеуге, табиғат қорғау жабдығын қалпына келтіруге басты назар аударылды.
Турбиналық жабдықта бу тарату жүйесі және турбиналардың ағынды бөліктері, май жүйесі, құбырлар ретке келтірілген. № 5 турбоагрегатты күрделі жөндеу процесінде генератордың жаңа өзектерін ауыстырады, дайындайды және монтаждайды.
Қатысушылар турбина және қазандық цехтарының жұмысын, станцияны басқарудың бас қалқанындағы жұмысты көре алды, 2016 жылы " тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы бойынша станция қуатын кеңейту шеңберінде енгізілген энергоблокпен (к/а№8, т/а №6) танысты.
Қоймаларда отын жинақталуда, қазір отын қоры 335 мың тоннаны немесе норма 20 тәулік болғанда 31 тәуліктен астамын құрап отыр.
ЖЭО – 3-те жұмыс кеңесі өтті, онда 2027 жылға дейін жаңа №9 қазандық агрегаты мен №7 турбоагрегат салу жөніндегі жобаны іске асыру перспективалары туралы ақпарат берілді, бұл станцияның электр қуатын 120 МВт-қа және жылу қуатын 180 ГКал/сағатқа арттыруға мүмкіндік береді.


2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ
2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ
2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ
2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ
2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ
2022 ЖЫЛҒЫ 17 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ «КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР» ЖШС-ДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖЭО-3-КЕ КЕЛДІ


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz