» » "КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР" ЖШС: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

"КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР" ЖШС: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Дата: 24.09.2020
"КАРАГАНДА ЭНЕРГОЦЕНТР" ЖШС: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Қарағандыда жылу беру 25 қыркүйектен басталады. Бұл туралы аппараттық жиында қала әкімі хабарлады. Бірінші кезекте жылумен жабдықтау әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандарда іске қосылатын болады. Тұтынушыларды орталық жылумен жабдықтауға қосу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бірінші кезекте Майқұдық және Сұрыптау секторының тұрғындарына қосады.

2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде ЖЭО-1 және ЖЭО-3 барлық жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Облыс орталығын жылумен қамтамасыз ететін "Караганда Энергоцентр" ЖШС екі станциясының жылыту жабдығы қысқы кезеңдегі жұмысқа толық дайын.

Биыл "Караганда Энергоцентр" ЖШС Қарағанды ЖЭО-3 және ЖЭО-1 жабдықтарын жөндеуге 5,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Негізгі жабдықты жөндеу қатаң түрде жоспарланған кесте бойынша жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының басталуына дейінгі сараптамалар мен тексерулер нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалды. 16 қазандық, 10 турбоагрегат жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуден 4 қазандық пен 2 турбина өтті, қалған жабдықтарда ағымдағы жөндеулер жүргізілді. Жылыту жабдықтарын жөндеу кезінде қысқы кезеңде жұмыс кезінде барынша сенімділікті қамтамасыз ететін іс-шараларға басты назар аударылады. Стратегиялық отын қоры құрылды.


Адрес:г.Караганда, Бухар-Жирау, строение 22/1
E-mail: office@kec.kz
  • www.pixite.kz